RU

Өскемендік келіншектің "біртүрлі" әрекеті тағы да камераға түсіп қалды (видео)

Өскеменде шаштараз қызметкерлері бейтаныс әйелдің түсініксіз іс-қимыл жасағанына куә болған. Ғимарат табалдырығын бірнеше мәрте аттап, түсініксіз қылық танытқан келіншек желі қолданушыларын шошытып қойды деп жазады YK-news.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: YK-news.kz
Видеодан кадр: YK-news.kz: Depositphotos

Ғимараттағы бейнебақылау камерасы әйел адамның 10 мәртеден көп рет табалдырықты күбірлеп аттағанын түсіріп алған. Видеодағы келіншектің әрекеті көпшілікті алаңдатып қойған, әсіресе шаштараз қызметкерлері шошып қалған.

Айта кетерлігі, артынан әйел адам түкіріп, кетіп қалған.

Айта кетейік, бұған дейін дәл осындай іс-қимылдар жасалған видео желіде осы жылдың ақпан айында тарап кеткен болатын. Ол кезде келіншек облыстық достық үйінің табалдырығын аттаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1786309-skemendik-kelinsekti-birtrli-reketi-tagy-da-kameraga-tsip-kaldy-video.html