RU
СІМ 21 жастағы Елдана Қаһарманның Түркияда көз жұмғанын растады

СІМ 21 жастағы Елдана Қаһарманның Түркияда көз жұмғанын растады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте ағымдағы жылдың 30 наурызында Түркияда білім алып жүрген 21 жастағы қазақстандық азаматша Елдана Қаһарманның қайтыс болғанын растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ееееш

Елдана Қаһарман. Фото: YouTube / Kanal23

«Оның ата-анасы ҚР СІМ-ге қыздарының өліміне қатысты қандай да бір мәліметті таратпау туралы өтініш мәлімдеме жасағандықтан біз оның көз жұмғаны туралы ақпаратты ғана растай аламыз», - деді ол.

Смадияров марқұм бойжеткеннің екінші курс студенті болғанын ғана алға тартты.

«Сол жақта оқыған. Басқа ештеңе айта алмаймын», - деп мәлімдеді СІМ ресми өкілі.

Айта кетерлігі, бұған дейін БАҚ беттерінде Елдананың Фырат университетінде білім алғаны және жергілікті арнада жұмыс істеп, блог жүргізгені туралы хабарланды.

Естеріңізде болса, 29 наурыз күні Түркияда білім алып жатқан қазақстандық блогердің белгісіз жағдайда көз жұмғаны туралы жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel