Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинадағы сайлау: Зеленский президент атанса, елде қандай өзгеріс болады?

Опубликовано:

Жоғарғы Рада депутаты Вадим Рабинович президент 41 жастағы әзілкеш Владимир Зеленский болса, Украинада қандай өзгерістер болатынына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Украинадағы сайлауы: Зеленский президент болып сайлануының салдары қандай болатынын Радағылар болжады
Фото: inforesist.org: UGC

Вадим Рабинович Владимир Зеленский президент болған жағдайда не өзгеретініне тоқталып өтті.

"Зеленскийдің таңдайтын болса, айтарлықтай ештеңе өзгертпейміз. Бірақ элитада өзгерістер болады", - деді ол.

Оның пікірінше, елді шоумен басқаратын болса, елдегі ахуал айтарлықтай өзгермейді. Депутат жай ғана "Ұрлықты басқалар жасайтынын" мәлімдеді.

Сондай-ақ Жоғарғы Рада депутаты Украина президентінің өкілеттілік шеңбері шектеулі екенін баса айтып өтті. Сондықтан да мемлекет басшысы елге елеулі өзгерістер енгізе алмайтынын мәлімдеді.

"Ол қорғаныс министрін, сыртқы істер министрін, бас прокурорды және Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесін тағайындай алады. Мұның бәрі аса маңызды мәселелер емес. Ол коалиция құра алмайды, парламентте ештеңесі жоқ. Жаңа президент ештеңе шешпейді",- деп сөзін қорытындылады ол.

Еске сала кетейік, 31 наурыз күні Украинада президент сайлауы өтті. Қазіргі кезде орталық сайлау комитеті бюллетеньдердің 97,4 % есептеп үлгерді.

Бірінші орында 30,25% дауыспен Владимир Зеленский келеді. Екінші орында 15,93 % Петр Порошенко, ал үшінші орында 13,39 % жинаған Юлия Тимошенко келе жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1786451-ukrainadagy-sajlau-zelenskij-prezident-atansa-elde-kandaj-zgeris-bolady/

pixel