RU
"Мафия бар": Мақсат Рахмет өзін Бесбаевқа ақша берді дегендерге жауап берді

"Мафия бар": Мақсат Рахмет өзін Бесбаевқа ақша берді дегендерге жауап берді

Рассказать Вконтакте

"Жұлдызды жекпе-жек" жобасының үшінші маусымында Ерген Айтымбетовты жеңіп, келесі кезеңге жолдама алған Мақсат Рахмет шулы мәлімдеме жасады. "Заман" тобының мүшесімен сынған түскен "Алашұлы" тобының әншісі Мейрамбек Бесбаевтың шешуші дауысымен жеңімпаз атанған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақсат Алмасбекұлы бағдарлама эфирге шыққан соң өзіне тағылған айыптауларға жауап берді.

Сарказмға толы жазбасын әнші жігіт өзінің Instagram парақшасында жариялады.

""Әділетсіз болды!" "Жұлдызды жекпе-жек емес, Жұлдызды жемқорлық болды" "Түскі шай ішіп отырып өсек айтатын жер екен" "Бұл жерде Мафия бар" "Мақсаттың негізгі қолдаушысы Мамасарипова" "Алашұлының продюсері Назгүл сатып алды" "Жұлдызды жекпе-жекке свет, звук, лэдті "А+" продюсерлік компаниясы (Алашұлының шаңырағы ғой) қойған екен...

Демек..." "Мақсат Мейрамбек ағаға 20.000 доллар беріпті ( финалға шығарып беріңізші деп)" "Бұлар батысты көре алмайды, шеттету үшін әдейі істеген" "Ақшаң болса болды, тақпақ айтып та өтіп кетеді екенсің..."

Ал, барлығына жауап жазғым кеп отыр... Жылтыңдап, қайта-қайта жазғанша, бір-ақ рет жазайын! Күлкі күнінде адамның күлкісін келтіретін тағы қандай жалаларыңыз бар? (ескертемін! Өтірік жала жабу жақсы нәрсе емес..)", - дейді "Алашұлының" әншісі.

Сіздің реакцияңыз
8
3
4
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel