RU
Бақытбек Есентаев пен қызы Айсәуленің суреті көпшілікті сүйсінтті (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бақытбек Есентаев пен қызы Айсәуленің суреті көпшілікті сүйсінтті (фото)

Рассказать Вконтакте

Айсәуле Бақытбек желіге кішкентай кезінде әкесімен түскен суретін жүктеп, көпшіліктің жүрегін елжіретті. Балалық шағын еске алған ару фото жасалған күн өзі үшін аса ерекше екенін де айтып өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Танымал продюсердің қызы аталмыш суретті өзінің Instagram парақшасында жариялаған.

Отбасылық мұрағаттағы фотодан кішкентай Айсәуле әкесі Бақытбек Есентаевпен саябақта тұрғанын аңғаруға болады.

Ұмытшақтық қасиеті басым екенін айтқан танымал бойжеткен дәл осы күнді мәңгі жадында сақтап қалғанын мойындады.

"Негізі адамдар өзін 5-6 жасынан бастап біледі деп жатады. Алайда, мен бірнеше күн бұрын не істегенімді де ұмытып қалуым мүмкін. Бірақ, неге екені белгісіз, дәл осы күн есімде қалып қойыпты. Тіпті, тенниске қажет заттар да" , - деп жазған Бақытбек Есентаевтың қызы.

Желі оқырмандары бұл жазбадан соң, Айсәуленің әкесін сағынып жүргенін болжап, оған өз қолдауларын білдірген.

"Әкеңді сағынып жүрсің ғой. Бағың ашылсын" , "Әкенің аты әке. Оның орнын ешкім баса алмасы анық" , "Әкеңмен өткізген күнін есіңде қалып қалған ғой" , "Өмір сынағы, сынба. Әкеңмен әлі жүздесерсің" , - деп жазуда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз
0
3
2
2
0
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel