RU
"65-100 мың": Біртанов медицина қызметкерлерінің жалақысын көтермекші

"65-100 мың": Біртанов медицина қызметкерлерінің жалақысын айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет үйіндегі баспасөз конференциясында медбикелер мен санитар қызметкерлерінің қанша жалақы алатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Бюджет саласында төмен жалақы алатын барлық қызметкерлердің айлығы көтеріледі.

Денсаулық сақтау жүйесінде оларға медбикелер, өзге де төмен жалақы алатын қызметкерлер, санитарлар, бірінші кезектегі жұмысшылар және басқалар жатады.

Еңбек өтілі ескерілгенде оларға қанша жалақы аударылатын көреміз және оған 30 пайыздық үстемеақы қосылады", - деді министр.

Біртанов нақты мысалдар келтіріп өтті.

"Мәселен, егер санитар 50 мың теңге алатын болса, жалақысы көтерілгеннен кейін қолына шамамен 65 мың теңге түседі.

Егер медбикенің орташа жалақысы шамамен 75 мың теңге болса, онда ол шамамен 99-100 мың теңге алады.

Одан бөлек, ақылы қызметтер көрсету мүмкіндігі шектелген салалардағы медицина қызметкерлерін ынталандыру үшін бұл санаттағы дәрігерлердің де жалақысын көтереміз. Оларға емхана, жедел жәрдем, ана мен бала, туберкулез, онкология дәрігерлері кіреді", - деді ол.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, 1 маусымнан бастап медицина саласында жұмыс істейтін 225 мың қызметкердің жалақысы 30 пайызға көтеріледі.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
5
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel