RU
Түркістан облысында базарға барған әйел адам 20 млн теңгенің әшекейін ұрлатып алды
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында базарға барған әйел адам 20 млн теңгенің әшекейін ұрлатып алды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Келес ауданының тұрғыны базарда сөмкесінен 20 млн теңгенің әшекейін ұрлатып алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Базардан керек-жарағын алып, үйіне қайтқан жәбірленуші бағалы бұйымдарының қолды болғанын сол уақытта ғана білген.

Тез арада Келес аудандық полиция бөліміне хабарласып арызданған.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188 бабы ("Ұрлық") бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел тергеу тобы құрылған.

Базардағы бақылау камералары арқылы бөтеннің сөмкесіне қол салған күдікті анықталған.

20 млн теңгенің бағалы әшекейін ұрлаған күдікті Жетісай ауданының тұрғыны болып шыққан.

Оның бұрынырақ істі болғаны анықталды.

Күдікті ұрлаған заттарын сатып жіберіп, ақшасын жаратып та үлгеріпті.

"Күдіктіден тексеру барысында полиция қызметкерлері ұрланған бағалы бұйымдардың бір бөлігін тәркіледі. Ал қалған ұрланған заттарды ол ақшаға айналдырып, өз қажетіне жаратып жіберген. Айғақты зат ретінде тәркіленген бағалы бұйымдар заңды иесіне қайтарылды.
Қазіргі таңда бөтеннің мүлкін ұрлау жайтына қатысты сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
6
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel