RU

Ақтауда бесінші қабаттағы терезенің ернеуінде отырған тұрғын видеоға түсіп қалды

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы көп қабатты үйлердің бірінде бесінші қабаттағы терезенің ернеуінде отырған адамның видеосы таралуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Видео Instagram желісіндегі Aktau_insta тобында жарияланды.

Кадрдан бесінші қабаттың терезесінен аяғын төменге салбыратып отырғанын жанды байқауға болады.

Видеороликтің астындағы жазбада пәтердің ішінен біреу келіп, оның бұл әрекетін доғарғаны айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1786741-aktauda-besinsi-kabattagy-terezeni-erneuinde-otyrgan-trgyn-videoga-tsip-kaldy.html