RU
13 адам жараланды: Ақсу тұрғыны әйелінің туған күнінде өзін өртеп жіберді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

13 адам жараланды: Ақсу тұрғыны әйелінің туған күнінде өзін өртеп жіберді

Рассказать Вконтакте

Павлодар облысының Ақсу қаласында ер азамат өзін өрттеп жіберді. Оқиға салдарынан бір адам қайтыс болып, 13-і зардап шекті. Жарақат алғандардың төртеуін аурухананың жансақтау бөліміне, газдан уланған бес бала мен төрт ересекті палаталарға жатқызды деп хабарлайды Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: mayaksbor.ru

Көрнекі фото: mayaksbor.ru

"3 сәуір күні сағат 20:51-де Ақсуда жекеменшік үй өртке оранғаны туралы хабарлама түсті. Куәгерлердің айтуынша, марқұмның жұбайының туған күні болған. Қонақтар дастархан басында отырған, бір уақытта үйдің 50 жастағы иесі кетіп қалыпты.

Ол біраздан кейін 5 литрлік ыдыспен бензин алып келіп, балаларды алып кетуді сұрапты.

Әйелі айтқанын орындағаннан кейін ер азамат сіріңке алып, өзін өртеп жіберген.

Оны ұстап қалмақ болған достарын күйік шалып, Ақсу қалалық орталық ауруханасына жеткізілді.

Оқиға салдарынан ер азамат көз жұмып, тағы 13 адам зардап шекті.

Олардың төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Газдан уланған бес ересек пен төрт бала ауруханаға түсті", - деді облыстық жедел жәрдем бекетінің баспасөз қызметі.

Өрт аумағы 30 шаршы метрді қамтыды.

Үш бөлмелі үйдің ас бөлмесі, жиһаздары, тұрмыстық техникалары мен заттары толықтай өртеніп кеткен. 

Сіздің реакцияңыз
2
2
2
6
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel