RU
Атырауда күйеуінен жәбір көрген келіншек өзгені сүйіп қалғанын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Себепсіз қол көтеретін күйеуінен әбден мезі болған келіншек өзгені сүйіп қалған

Рассказать Вконтакте

Күйеуінен жәбір көріп, соқпағына шыдап келген келіншек жан сырын ақтарды. Жылулықты өзгеден тапқан әйел адам күйеуін тастап, сүйгенімен бірге болғысы келетін айтып, жұрттан кеңес сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Атырауда күйеуінен жәбір көрген келіншек өзгені сүйіп қалғанын айтты

Фото: commerage.ru

Жас келіншектің айтуынша, ол күйеуімен бір жыл жүріп, тұрмыс құрған. Бірақ үйленгенге дейін мінезін көрсетпеген ер азамат отбасылы болғаннан кейін әйеліне себепсіз қол көтере бастаған.

"Күйеуіммен бір жыл қыз-жігіт болып жүріп қосылдық. Осы уақыт аралығында оны жақсы танып алдым деп ойладым. Бірақ өзім ұнатып қосылған адамым мүлде басқа жан болып шықты", - дейді кейіпкер.

Әйел адам жырының өзіне салғырт қарап, мүлде, қадірлемегенін алға тартты. Айтуынша, күйеуі кішігірім қателіктері үшін де жұдырық ала жүгіретін болған.

"Үйленгенге дейін тәп-тәуір жігіт болып жүрген сүйіктім үйленгеннен кейін мүлде өзгеріп кетті. Ашушаң, үнемі көңіл-күйі жоқ. Киімі бүтін, қарны тоқ болса да, менің шаруама араласып:" мынаны дұрыс істемегенсің, ананы бүйтпегенсің" деп алқымымнан алады. Шынымды айтсам көп уақытын жұмыста өткізсе екен деп тілейтін болдым. Себебі күйеуім бар кезде жаныма тыныштық жоқ" , - дейді ол.

Күйеуінің суық мінезінен әбден мезі болған әйел адам жылулықты өзгеден іздеген. Осылайша мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін келіншек оқушысының ағасымен көңіл қосқанын жасырмады.

"Біз бір-бірімізді бір көргеннен ұнаттық. Кездесіп, сөйлесіп жүргенімізге бірнеше ай болды. Осы уақытта көп нәрсені түсіндім. Ол менің күйеуіме кереғар адам. Мінезі жұмсақ, еңбекқор әрі көңіліме қатты қарайды. Мені сыйлап-құрметтейді. Енді ол маған тұрмысқа шығуға ұсыныс та білдірді", - дейді кейіпкер.

Келіншек күйеуімен ажырасып, сүйген адамына тұрмысқа шыққысы келетінін айтады. Десе де, ешқашан үйленіп көрмеген сүр бойдақпен құрған отау қандай болмақ деп тағы алаңдайтын көрінеді.

"Ешқашан отбасылы болмаған ер азаматтың күйеуден қайтқан келіншекті алғаны қаншалықты дұрыс екенін білмеймін. Басымыз қосылса не болмақ? Өзгеріп шықса не істемекпін?
Бір жағынан жұбайымды ойлаймын. Оны тастап кетейін десем, мені тірі жібере қоймасы анық. Бірақ біз бірге болып, бақытты өмір сүре алмайтынымызға көзім жетті. Жүрекке әмір жүрмейді. Сүйгеніммен бірге болғым келеді. Мұндай жағдайда не істеуге болады?", - дейді ол.

Әйел адам жан сырын ақтарып, жұртшылыққа басындағы мәселенің шешімі бар ма деген сауал тастаған.

Сіздің реакцияңыз
10
0
1
11
0
3
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel