RU
Ел айырылысып кетті деп болжаған Арман мен Аша бар шындықты жайып салды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ел айырылысып кетті деп болжаған Арман мен Аша бар шындықты жайып салды

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын ел арасында ажырасып кеткені жайлы қауесет тараған Арман Қоңыр мен Аша Матай жұрт алдында шындықтың бетін ашты. Жаңа бейнебаянын алдында хайп қуғысы келген жұлдызды жұп бұл идеяны Арман Қоңырдың ойлап тапқанын мойындады деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тіпті өнер иелері осы тақырыпқа байланысты өзара бәстесіп қалған көрінеді.

"Аша айтады "Ой, олардың ойы бәрібір жақсы. Бақыт тілейді. Біз үшін уайымдайды" деді. Мен "Жоқ, сен олай ойлама. Халық қазір негативті хабарды жақсы қабылдайды да, жаман пікір көп болады" деп айттым. Екеуміз бәстесіп қалдық", - дейді Арман Қоңыр.

Бәстесудің соңында Аша Матай күйеуінен жеңіліп қалған.

Ал желі қолданушылары арасында жұлдызды жұпқа хат жазып, ақыл-кеңесін айтқандар табылған.

"Маған біраз адам жазды. "Сондай қызды таппайсың, анау-мынау" деп. Кәдімгідей риза боласың пікірлерге. Маған да жазды. "Арман деген иманды азамат қой. Ондай жігітті жіберіп алма. Отбасында әртүрлі жағдайлар болады. Кешіре сал. Сен әйелсің ғой" деп, кәдімгідей Арманға күнә тағып тастады. Мені бір нәрсе бүлдіріп қойды деп ойлаған ғой. Иә, бәрі "Арман бір нәрсе бүлдірген-ау" деген сияқты ойлапты", - дейді қос әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Арман мен Аша тіпті бір-бірінің желідегі парақшаларынан шығып кеткен.

Осы оқиғадан кейін өнердегі бұл жұптың отбасы қызу талқыға түсіп, көпшілікті алаңдатып қойды.

Сіздің реакцияңыз
60
3
3
1
4
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel