Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Психолог опасыздық жайлы шындыққа жанаспайтын бес нәрсені атады

Опубликовано:

Психолог Наталья Моргунова опасыздық жайлы кең тараған өтіріктердің рейтингін жасады. Ол ерлер мен әйелдер арасында қарым-қатынасқа байланысты қандай кереғар пікірлер кең тарағанын атап өтті деп хабарлайды commerage сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: gazeta.ru
Көрнекі фото: gazeta.ru: Depositphotos

1. Ер азаматтар табиғатынан әртүрлі әйелдермен төсек қатынасына түсуге құмар

Негізінде әйелдер де көзге шөп салу жағынан ерлерге дес бермейді. Бірақ олар ер азаматтарға қарағанда оны жасырын жасайды. Ерлер өздерінің опасыздығын тән қажеттілігі деп түсіндіріп, ақталғанды ұнатады. Алайда адамның жануардан бір айырмашылығы бар. Ол - сана. Адам өзінің әрекетін басқарып, өзі таңдау жасай алады.

2. Опасыздық қарым-қатынасқа екінші тыныс береді

Қателік жасап, көзге шөп салған адам өзін кінәлі сезініп, екінші жартысына сыйлықтар беріп, көңіл бөле бастайды. Бірақ мұның бәрі уақытша. Көп ұзамай бәрі бұрынғы қалпына қайта түседі.

3. Опасыздық - қиындықтардың көрсеткіші

Ең тәтті жұптардың өзінде опасыздық орын алып жатады. Мәселен, жұбайын сүйетін көптеген еркек орта жас дағдарысына байланысты өзге әйелдің құшағына құлауы мүмкін.

4. Ерлер тән қалауы, әйелдер жан қалауы үшін опасыздық жасайды

Қазір ерлер мен әйелдер тең құқық алғаннан кейін нәзік жандылар қауымы да жиі опасыздық жасайтын болған. Олардың көбі тек жүрек қалауы үшін күйеулерінің көзіне шөп салмайды.

5. Ерлер әйелдердің қиындықтары болғаны үшін опасыздық жасайды

Бұл шындықтың тек 20 пайызы. Егер, сіздің екінші жартыңыз көзіңізге шөп салған болса, кінәні тек өзіңізден іздемеңіз. Қайта өзіңізді бағалап, қай жеріңізді шыңдау керек екенін саралап шығыңыз. Кез келген сәтте сізді өзге біреуге айырбастап жіберуге дайын жан сізге керек пе? Соны ойлаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1786973-psiholog-opasyzdyk-zajly-syndykka-zanaspajtyn-bes-nrseni-atady/

pixel