Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтандағы ломбардқа шабуыл кезінде адамның тұтқынға алынғаны рас па?

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде және WhatsApp мессенджерінде астанадағы ломбардтардың бірінде белгісіз біреу адамды тұтқынға алды деп айтылған видео тарауда. Полиция бұл ақпаратты жоққа шығарып, болған жағдайға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Нұр-Сұлтан ПД-не сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтандағы ломбардқа шабуыл:"тұтқынға алу" туралы видеоға қатысты полиция түсініктеме берді
Фото:Видеодан скриншот: UGC
"Хабарлаймыз, видео авторы тұтқын алынды деген ақпаратты айтып тұр. Бұл шындыққа жанаспайды", - деді ведомстводағылар.

Полиция департаменті жалған ақпарат тарату қылмыстық кодекстің 274 бабы жойынша қудаланатынын ескертті.

Қылмыстық полиция ақпараты бойынша, осы жылдың үшінші сәуір күні полицияға түс кезінде белгісіз біреу Гете көшесіндегі ломбардқа келіп, қаруға ұқсайтын затпен қорқытып, ақша беруді талап еткені туралы ақпарат келіп түсті.

Ломбардқа келген ер адам қаруға ұқсайтын затпен қызметкерді қорқытып, ақша талап еткен.

Содан кейін қаскөй белгісіз бағытта кетіп қалған.

​Полиция департаменті қазір тәртіп сақшылары бар күштерін күдіктіні анықтап, оны құрықтауға жұмылдырып жатқандарын хабарлады.

Полицейлер берген күдіктінің сипаттамасы: 25-27 жас аралығындағы ер адам. Бойы шамамен 175-177 см.

Шабуыл кезінде күннен қорғайтын қара көзілдірік тағып, медициналық бетперде киген. Үстінде капюшоны бар күртке, көк шалбар және аяғында қара кроссовка болған.

"ГБР" деген қара жазуы бар киім киген адамдар жедел әрекет ету тобы екені хабарланды.

Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1787022-nr-sltandagy-lombardka-sabuyl-kezinde-adamny-ttkynga-alyngany-ras-pa/

pixel