Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана су арнасының" бұрынғы басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

МҚІЖСЖҚІҚ агенттігінде өткен брифингте жұртшылықпен байланыс департаментінің басшысы Арман Бердалин "Астана Су Арнасының" бұрынғы басшысы пара алды деген күдікке ілінгенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Екі пәтер және 60 мың доллар:"Астана су арнасы" экс-басшысы пара алды деген күдікке ілінді
Көрнекі фото: kavkazplus.com: Facebook
"Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ұлттық бюросы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналды мекеме "Астана су арнасының" бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Ол ЖШС директорынан астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінен екі пәтер және 60 мың доллар алды деп күдіктелуде. Бұл үшін ол кеңсе және астыңғы қабаттағы бөлмелерді ЖШС пайдасына беру жөніндегі қосымша келісімшарт жасауға және аталмыш тұрғын үй кешенін кәсіпорын теңгеріміне өткізу жөніндегі қабылдау-тапсыру актісіне қол қоюды уәде еткен", - деді Арман Бердалин.

Кінәнің толық мойындалуына байланысты тұтқындау әрекеті қолданылмады, тергеу жалғасуда деп хабардар етті агенттік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1787056-astana-su-arnasyny-bryngy-bassysy-para-aldy-degen-kdikke-ilindi/

pixel