RU
"Қазақ хандығы" фильміне түскен танымал актер өзіне жар іздеп жүр (фото)

"Қазақ хандығы" фильміне түскен танымал актер өзіне жар іздеп жүр (фото)

Рассказать Вконтакте

"Қазақ хандығы" фильмінде басты рөлдердің бірін сомдап, халыққа кеңінен танылған Нияз Шайсұлтанов қашан үйленетіні жайлы айтты. Жас актердің сөзінше, бүгінде оның жүрегіне жол тапқан ару жоқ екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото актердің жеке мұрағатынан алынды

Фото актердің жеке мұрағатынан алынды

Актер KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында соңғы күндері үйленіп, сәбилі болғысы келіп жүргенін жасырмады.

"Әзірге жүрегіме жол тапқан ару жоқ. Бірақ негізі жасым 27-ге келіп қалғандықтан, ата-анам да бәрі айтып жатыр.

"Балам немеремізді қашан сүйеміз, қашан көреміз" деп асықтырып жатыр. Соңғы кездері, жас келгеннен болар, күннен күнге бала сүйгің келеді екен.

Кішкентай балалармен лагерьде, актер ретінде сабақ беріп көргенмін. Сол тәтті балаларды көріп, өз балаңды сүйгің келеді. Өз нәрестеңді көргің келеді, иісін иіскегің келеді", - дейді жас актер.

Сонымен бірге, ол шамамен қашан үйленетінін де атап өтті.

"Осы күнге дейін мына қыз әйелім болады-ау деген ой келмепті. Білесіздер ғой, аруларды еркелету керек дейді. Өзімнің жоспарымша, жағдайымды дұрыстап, өз таңдаған жарымды еркелетемін-ау деген жағдайға келген кезде Алла қаласа үйленіп қалармын", - деді жас актер.
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
2
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel