RU

Мадридтегі көпқабатты тұрғын үйде күшті жарылыс болды (фото, видео)

Испания астанасындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде күшті жарылыс болды. Қазіргі уақытта жеті жаралы туралы ақапарат бар деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мадридтегі көпқабатты тұрғын үйде күшті жарылыс болды (фото, видео)
Фото: twitter.com/EmergenciasMad: Facebook

Болжам бойынша жарылысқа тұрмыстық газ себеп болған. Дереккөз ақпаратынша, кем дегенде жеті адам жараланған.

Әлеуметтік желіде жарияланған кадрдан қабырғалар қирап, шатыр ұшып кеткенін көруге болады.

Дереккөздың ақпаратынша, тұрғын үйдің үстінгі қабатындағы пәтерлер зардап шеккен.

Төменде тұрған көліктер де зақымданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1787327-madridtegi-kpkabatty-trgyn-jde-ksti-zarylys-boldy-foto-video.html