RU

Тоқаев өз кеңесшілерін тағайындады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшілері Ержан Бабақұмаров пен Ерлан Қарин болды деп хабарлайды Ақорда.

Фото: kazakh-news.kz және ctc-rk.kz
Фото: kazakh-news.kz және ctc-rk.kz: UGC

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды;

Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды;

Талғат Амангелдіұлы Момышев Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1787334-tokaev-z-keessilerin-tagajyndady.html