RU
Air Astana Үндістанға рейстерді уақытша тоқтатты

Air Astana Үндістанға рейстерді уақытша тоқтатты

Рассказать Вконтакте

«Эйр Астана» әуе компаниясы Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Делиге рейстерді уақытша тоқтатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Air Astana Үндістанға ұшатын рейстерін тоқтатты

Көрнекі фото:24.kz

«Пәкістан мен Үндістан арасындағы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты «Эйр Астана» әуе компаниясы 11 және 30 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Делиге ұшатын рейстерді уақытша тоқтатуға мәжбүр. ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен әуетасымалдаушы жағдайды мұқият бақылауда және әуе кеңістігі ашылғанда компания тұрақты рейстерді жалғастырады», - делінген ресми хабарламада. 

2019 жылдың 11-30 сәуір аралығында Қазақстанға оралатын жолаушыларға компания билеттері интерлайн-серіктестер рейстеріне қайта брондалады.

Еске сала кетсек, 27 ақпанда шетел ақпарат құралдары Үндістан мен Пәкістан арасында соғыс басталуы мүмкін екенін хабарлады. Соған байланысты аталған елдердегі әуе жолы жабылған болатын.

28 ақпанда Алматы халықаралық әуежайына Делиден ұшып келген әуе кемесі қонды.

Делидегі Қазақстан елшісі Болат Сәрсенбаев 200-ге жуық қазақстандық азамат Үндістаннан қайта алмай отырғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel