RU

ШҚО-да жолаушылар пойызы жеңіл көлікпен соқтығысты (фото, видео)

Шығыс Қазақстанның Серебрянск қаласында жолаушы тасымалдайтын пойыз құрамының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды деп хабарлайды YK-news.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ШҚО-да пойыз жеңіл көлікпен соқтығысты (фото, видео)
Фото: yk-news.kz: Facebook

Күәгерлердің сөзінше, жетінші сәуір күні Серебрянск қаласының темір жолында жеңіл көлік пен пойыз соқтығысқан.

Желіде пайда болған бейнежазбадан жеңіл көлік жүргізушісінің пойыз келе жатқанына қарамастан темір жолдан өтіп кетпек болғанын көруге болады. Алайда ол үлгермеген.

Желі қолданушыларының сөзінше, пойыз көлікті біраз жерге дейін сүйреп әкеткен.

Көлік жүргізушісі тірі, бірақ көптеген жарақат алған.

ШҚО-да пойыз жеңіл көлікпен соқтығысты (фото, видео)
Фото: yk-news.kz: Twitter

Әзірге полиция оқиғаға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1787537-sko-da-zolausylar-pojyzy-zeil-klikpen-soktygysty-foto-video.html