RU
Бразилияда көпір құлап, адамдар суға кеткен (фото, видео)
Жаңалықтар Әлемде

Бразилияда көпір құлап, адамдар суға кеткен (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Бразилияда жүк кемесі көпір тіректерінің біріне соғылып, нәтижесінде көпірдің 268 метрлік учаскісі опырылып түскен деп хабарлайды www.segodnya.ua сайтына сілеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бразилияда көпір құлап, адамдар өзенге құлаған (фото, видео)

Фото: REUTERS/Fernando Araujo

Оқиға 6 сәуір күні Бразилияның Пара штатында орын алған. Моха өзенінен өтіп бара жатқан жүк кемесі көпірдің тірегіне соғылған.

Көпірде жолаушылары бар екі автокөлік жүріп бара жатыпты. Қақтығыс кезінде барлығы өзенге құлаған.

Бразилияда көпір құлап, адамдар өзенге құлаған (фото, видео)

Фото: REUTERS/Fernando Araujo

Тергеу мәліметтері бойынша экипаж мүшелері кемені басқара алмай қалған. Бірақ қозғалтқышты тоқтатқан кезде, қайық көпірге сүйеніп, тірегіне соғылған.

Оқиға орнында жүзушілер жұмыс істеп жатыр. Себебі көпір қирағаннан кейін бес адам із-түссіз жоғалды деп жарияланған.

Штаттың губернаторы Хелдер Барбальо жуық арада төтенше жағдай жариялауға уәде етті және оқиға орын алған Белем қаласының әкімшілігі бір жағадан екінші жағаға адамдарды тасымалдау жағын қарастырды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel