RU
Ұшқын Жамалбек айдай сұлу келіншегін көрсетті (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ұшқын Жамалбек айдай сұлу келіншегін көрсетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Ұшқын Жамалбек орда бұзар 30 жасын шоу-бизнестегі достары мен отбасының арасында атап өтті. Әнші ел алдына алғаш рет жұбайын алып шығып, екі ұлы бар екенін де ашып айтты. Бұл туралы "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Ұшқын Жамалбек. Фото: "Айта берсін" бағдарламасынан кадр, lively_night парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ұшқын Жамалбек. Фото: "Айта берсін" бағдарламасынан кадр, lively_night парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Әнші жеке мейрамында келіншегімен вальс билеген.

Ал бұл кешке Ұшқын Жамалбектің жұбайы қазақы нақыштағы қамзол киіп келген.

Сондай-ақ әншінің әйелі беліне түскен бұрымын екіге өріп, шашбау тағып алған.

"Барынша өз отбасыма қорған болуға тырысамын. Оның несін жасырасың. Балаларым бар. Екі ұлым", - дейді әнші.

Алайда өнер иесінің мерейтойына анасы белгілі себептермен Қытай елінен келе алмаған.

"Мен өзім Қытай жақтағы Құлжа деген өңірдің азаматымын. 2007 жылы еліме келдім. Қазір белгілі себептермен, саяси жұмыстармен анам келе алмады. Бірақ арманым сол кісілерді алып келу. Келе алмаса да, ыстық ықыласын жіберіп жатыр. Оңай нәрсе емес қой енді.
Сағынып жүрмін. Келер деп ойлаймын. Көп болды, анамның қасымда болғанын армандап жүрмін. 2007 жылдан бастап, 12 жыл болды ма күтіп келе жатырмын. Көбіне оларға мен барып тұрамын", - дейді Ұшқын Жамалбек.

Естеріңізге сала кетейік, Ұшқын Жамалбектің әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
1
0
16
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel