RU
Бас прокуратура Лондонда серуендеп жүрген Рысқалиевтің видеосына қатысты жауап берді

Бас прокуратура Лондонда серуендеп жүрген Рысқалиевтің видеосына қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов баспасөз мәслихаты барысында Лондонда серуендеп жүрген Бергей Рысқалиевтің әлеуметтік желіде тараған видеосына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадрлар

Фото: Видеодан кадрлар

Бас прокуратура бейнебажазбаны көргенін және барлық құқықтық арналар бойынша тиісті шаралар қолданылатынын хабарлады.

Алайда, бүгінгі таңда істі Қазақстанның қылмыскерлерді экстрадициялау және ұстап беру туралы келісім-шартты барлық мемлекеттермен жасамағаны қиындатып отыр. Нақтырақ айтқанда, Ұлыбританиямен арада мұндай келісім жоқ.

"Видеоны көрдік. Өкінішке орай, елімізде қылмыс жасап, шет елдерде жүрген бірқатар азаматтар бар. Қазақстанда оларға халықаралық іздеу жарияланған.
Бірақ, бізде құқықтық көмек туралы шарт жасалмаған мемлекеттер бар. Ұлыбританиямен арада қылмыскерлерді экстрадициялау және ұстап беру туралы келісім жоқ. Дегенмен, барлық құқықтық арналар бойынша тиісті шаралар қолданылатын болады. Бізде сырттай соттау жүргізуге болатын мәселелер бар, сондықтан барлығы құқықтық алаң аясында шешіледі. Интерпол желісі бойынша барлық құқықтық сұраныстарды жібердік", - деді Ахметжанов.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің Лондон көшелерінде серуендеп жүргені видеоға түсіп қалды.

Артынша желіде экс-шенеуніктің тағы бір видеосы тарады.

Сіздің реакцияңыз
11
0
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel