RU
"Басын кесіп аламыз деді": Ақтөбеде сотталып жатқан жанұя сұмдық жайттарды айтты

"Басын кесіп аламыз деді": Ақтөбеде сотталып жатқан жанұя сұмдық жайттарды айтты

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде алаяқтың жасады деп істері сотта қаралып жатқан Ізғалиевтер жанұясы жат ағым өкілдері тарапынан қысым көргендерін айтуда. Редакциямыздан көмек сұраған Гүлжамал Ізғалиеваның сөзінше, ол намазға жығылып, Меккеге қажылыққа кеткен ұлының елімізде тиым салынған ағымға кіргенін сақалды жігіттердің қысымынан соң түсінген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ввввв

Ізғалиевтер жанұясы. Фото: отбасылық жеке мұрағат

«Ұлым Темірлан 2017 жылы базардан дүкен ашып, ұялы телефон сата бастады. Қасына көмекші ретінде намаз оқитын М.Ә. есіміді азаматты жұмысқа алған.

Кейін ол өзінің жамағатымен таныстырып, Темірлан намазға жығылып, барлығы бірігіп көтерме саудамен телефон әкеліп сатумен айналысқан.

Яғни, Темірланға олар қарызға ақша беріп, үстінен пайызбен қосып алып отырды.

Былтыр наурыз айының 22-23 күндері ұлым із-түссіз жоғалып кетті. Кейін ол қала ортасындағы екі бөлмелі пәтерді, әпкесінің қымбат көлігін басшыларының атына жазып беріпті.

Біздің сұрағымызға «бизнес» деп айтқан еді. Ал, шын мәнісінде жамағат басшылары оны қамауда ұстап, ұрып-соғып, күшпен мүлкін атына аударып алған.

Онымен қоймай олар үйімізге жиырма шақты жігіт болып басып кіріп, «Темірлан бізге екі миллард жеті жүз миллон теңге қарыз, бермесеңдер ұлдарыңның басын кесіп аламыз» деп қорқытты.

"Не балаң, не ақша" деп тұрған соң күйеуім қаланың қақ ортасындағы үш бөлмелі пәтерді жарты бағасына есептеп солардың атына, қалған соманы қорыққанымыздан мойнымызға қарыз деп жаздық» ,- дейді Темірланның анасы Гүлжамал Ізғалиева.

Отбасының жамағатқа беретін ақшасы мен мүлкі таусылғанда олар Ізғалиевтердің үстінен сотқа арыз түсірген.

Яғни, Темірлан он бір азаматтан 2 миллиард 700 миллион теңге қарыз алып, қайтармады деп шағымданған.

Алайда қорғаушы Абзал Құспан осыншама қаражат берген жігіттердің осы соманы дәлелдейтін бірде бір құжаты жоқ дейді.

«Жәбірленуші азаматтар қарыз бергенде және оны қайтарып алғанда бір де бір қолхат, құжат бермеген. Мұның себебін дінге қайшы деп түсіндіреді. Олар Темірланды Ұлттық қауіпсіздік қызметі тексереді деп әпкесінің атына есепшот ашқызып, сол жерге ақша айналымын жасаған.

Сот тергеуі кезінде барлығын қайта тексеріп, нақты 467 миллион 500 мың деп есептелуде. Ал қалған сома ол үстіне қойылған пайыз және қорқытумен жазылған цифрлар.

Бизнеске қатысы бар тек Темірлан ғана болғанымен, қазір қамауда оның әкесі Маркс пен әпкесі Эмира да отыр. Әкесінің бар кінәсі - ұлы Меккеде қажылықта жүргенде үйдегі қорапта тұрған ақшаны жамағат мүшесіне Темірланның сұрауымен бергені.

Ал әпкесі Эмираның атына Темірлан есепшот ашқан. Шын мәнісінда карточканың барлығы Темірланның өзінде болған», - дейді адвокат Абзал Құспан.

Заңгер Айгүл Орынбек жамағаттың ортасында айналған миллиардтаған қаржы шетелден келгенін алға тартуда.

«Жамағат басшылары бұл қаржыны ұрлық телефон саудасымен және шетелден кіргізген. Мұны сот барысында Темірлан да, оның сыбайлас жамағат мүшелері де мойындады.

Яғни, жамағат басшылары өздеріне күдік түсірмес үшін Темірлан секілді бірнеше жігіттің туыстарының атына есепшот ашқызып, өздерін Меккеге бір айға жіберіп, қаржыны шетелден сонда аударып, қолма-қол шешіп отырған.

Құзырлы орган бұл ақшалар не мақсатпен елге келді, кімдер аударды осыны қазір жіті тексеру керек. Осыншама қарыз бердім деген жамағат басшысын да тергеуге алу керек. Ол бұл соманы қайдан алды, неге еш құжатсыз қарызға беріп отыр?», -дейді танымал заңгер.

Қазіргі таңда Темірланның анасы Гүлжамал Ізғалиеваның да үстінен қылмыстық іс қозғалған.

«Сақалды ұлым үшін бәлеге қалдық» деген келіншек құзырлы орган қай баппен айыптап отырғанында білмейді.

Ақтөбелік полиция департаменті Ізғалиев Темірланның үстінен 190 баптың 4 тармағы бойынша (алаяқтықпен аса ірі көлемде қаржы алу) қылмыстық іс қозғап, қамауға алған. Ал, оның әпкесі мен әке-шешесін осы қылмысқа қатысы бар, яғни «сыбайластары» деп жауапқа тартуда. Ақтөбенің 2 қалалық сотында қаралып жатқан шулы іске жуық арада нүкте қойылар емес.

Сіздің реакцияңыз
10
13
54
6
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel