RU
Ең әдемі отандық актрисалардың есімдері белгілі болды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ең әдемі отандық актрисалардың есімдері белгілі болды (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық кино саласында талантымен көрерменнің жүрегін жаулаған актрисалар көп. Олар жұртты өнерімен ғана емес, сұлулығымен де баурайды. KAZ.NUR.KZ арнайы сауалнама жүргізіп, көрермендер ең әдемі актрисаны таңдады.

Сауалнамаға 13 отандық актриса қатысты. Олардың барлығы да көркімен және өнерімен көрерменнің жүрегіне жол тапқан жандар.

Алайда KAZ.NUR.KZ оқырмандары ең әдемі актриса деп Әлия Әнуарбекті таңдады.

Әлияға 2 200 адам дауыс берді.

1993 жылы туылған актриса алғаш рет Ақан Сатаевтың "Ағайынды" телехикаясында ойнаған. Бірінші түскен фильмі "Арман қала".

Лос-Анджелес қаласындағы New York Film Academy оқу ордасында «Актерлік шеберлік» бөлімінде білім алған.

Екінші орынды Аружан Жазылбекова еншіледі. Оған 2 100 оқырман дауыс берген.

1986 жылы туылған актрисаның кинодағы мансабы 2010 жылы басталды.

Ол "Махаббат әткеншегі" фильмінде бас кейіпкердің рөлін сомдады.

Үшінші орынға 1400 дауыс жинаған Қарлығаш Мұхамеджанова орналасты.

Қарлығыш 1983 жылы туылған. Анасы опера әншісі Нұржамал Үсенбаева, әкесі белгілі композитор Төлеген Мұхамеджанов.

Алғаш рет "Лавэ" фильмінде өнерін паш еткен.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel