RU
Көкшетауда емxана заңгері тілшілерге жұдырық ала жүгірген
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Көкшетауда емxана заңгері тілшілерге жұдырық ала жүгірген

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында бір жасар қыз бала өлімінің себебін анықтауға барып, қажетті ақпарат алмақ болған журналистер аурухана заңгерінің шабуылына тап болды. Бастапқыда, бейнекамераға оқиғаға қатысты мәлімет берген маман артынан белгісіз себептермен ашуға бой алдырып, телеарна тілшілеріне жұдырық ала жөнелген деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Оқиға Көкшетау қалалық ауруханасында болған. Екпеден кейін қайтыс болған бір жасар Есмалинаның анасы мен тәтесі журналистермен бірге оның өліміне қатысты ақпарат алуға барады.

Олардың сауалына жауап бермек болмақ аурухана заңгері Ерболат Темірбеков тергеу амалдары аяқталмайынша, бұл оқиғаға қатысты әзірге ешқандай мәлімет бере алмайтынын жеткізген.

Алайда бастапқыда өзін сабырлы ұстаған азамат артынан журналистерге күш көрсеткен.

Заңгер тілшілерден микрофонды тартып алып, онымен оператордың бейнекамерасын соғып жіберген.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Істің мән-жайын білуге келген ақпарат өкілдеріне шабуылдаған ер адамды әріптестері сабырға шақырып, өз бөлмесіне кіргізіп алды.

Марқұм қыздың анасы пневмония салдарынан қайтыс болған қызының өліміне кінәлі адамдардың сот жүзінде қатаң жазалануын қалап отыр.

Оған қоса, шабуылға тап болған журналистер мен Есмалинаның тәтесі де аурухана заңгерінің үстінен шағым түсірген. Себебі өзі жүкті әйел ер адамның жұдырығы тиген.

Дереккөз: КТК

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel