RU
"Қалаулым" бағдарламасының тағы бір жұбы тікелей эфирде шаңырақ көтерді (видео)

"Қалаулым" бағдарламасының тағы бір жұбы тікелей эфирде шаңырақ көтерді (видео)

Рассказать Вконтакте

"Қалаулым" бағдарламасының тағы бір жұбы тікелей эфирде шаңырақ көтерді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бекен мен Алма. Фото: Видеодан кадр, "Қалаулымның" жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Бекен мен Алма. Фото: Видеодан кадр, "Қалаулымның" жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Танымал бағдарламада отбасын құрған кезекті жұптың есімдері Бекен мен Алма. Олардың қуанышына жиналған бағдарлама қатысушылары мен жақындары шашу шашып, жас жұбайларға ақ тілектерін арнаған.

Тіпті бағдарлама барысында той дастарханы жайылып, шаңырақ көтергендердің жанына қыз жолдас пен жігіт жолдас қосқан.

Тікелей эфирде жас жұбайлар мерекелік дастарханға жайғасып, арнайы дайындалған тортты кесті.

"Құрметті, барша қауым. Бүгін Бекен мен Алманың қуанышын бөлісіп жатқандарыңызға рахмет. Қалаулымға рахмет! Біздің мынау кішігірім шашуымыз", - деді бағдарламаға келген қонақтар.

Ал желі қолданушылары видео желіде пайда болған бойда ақ тілектерін жарыса жазды.

Олар "Бақытты болыңыздар", "Алма өте тәрбиелі екені көрініп тұр", "Бекен, Алма шаңырақтарыңыз биік болсын", "Қуаныштарыңызға ортақпыз", "Бақытты отбасы болыңыздар", "Дастархандарыңыз тек қуанышқа жайылсын" деп лебізін арнаған.

Айта кетейік, отбасын құрып жатқан жұптардың қуанышына Нұрлан Еспанов, Айқын келіп, әннен шашу шашқан.

Сіздің реакцияңыз
6
1
1
1
0
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel