Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралдық оқушы қыз АҚШ пен Гонконгтің 11 грантына ие болды

Опубликовано:

Оралда 12 сынып оқушысы Алина Мұлдағалиева АҚШ пен Гонконгтің 11 грантына ие болды. Жасөспірімнің мұндай жетістікке қалай қол жеткізгенін "Мой город" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алина Мұлдағалиева. Фото с сайта bko.gov.kz
Алина Мұлдағалиева. Фото с сайта bko.gov.kz: UGC

Алина Оралдағы физикалық-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сыныбында оқиды.

Оқушы қыздың сөзінше, ол Гонконгта екі, АҚШ-та тоғыз гранттың иегері атанған. Жасөспірім өз таңдауын да жасап үлгерген. Оралдық қыз Пенсильвания штатындағы Филадельфияда орналасқан Drexel University білім ордасында өз оқуын жалғастырмақ.

Жас қазақстандықтың айтуынша, бұл жоғарғы оқу орны тәжірибелік зерттеулер аясында әлемдегі үздіктердің бірі болып табылады.

Анықталғандай, аталмыш білім ордасында студенттерге стипендия төленбейді. Алайда, олар қажетті білім және жатын орынмен қамтамасыз етіледі.

Алина Құрама штаттарға тамыз айының ортасында аттанбақ.

Әлемнің алдынғы қатарлы оқу орындарына түсу үшін оқушы қыз халыаралық IELTS, SAT емтихандарын тапсырған.

Оған қоса, жас жеткіншек бұл сынаққа қосымша дайындалмағанын атап өтті.

Ол емтиханға қажетті білімді НЗМ қабырғасында алғанымен түсіндірді.

Тапсырмаларды сәтті орындап шығуда оқушыға мектептегі үш тілділік саясаты көмектескен. Сол себепті, ол ағылшын тілінде еркін сөйлейді.

Университетте Алина "химиялық инженерия" мамандығы бойынша білім алмақ.

Алайда, ол болашақта нақты кім болатынын әлі де шешпеген. Оны оқушы қыз білім алу кезінде белгілі болатынын айтады.

Өз білімін шыңдаумен қатар, жасөспірім би билеп, ән айтқанды жақсы көреді. Ол бұған дейін АҚШ-та екі мәрте болып, мексикалық отбасымен тұрған.

"Олардың қазақтарға ұқсастығы бар. Оларға да үнемі қонақ келе береді. Оның үстіне олар да өте қонақжай" , - дейді Алина.

11 гранттың иесі атанған ару Америкада тұрып көргісі келеді. Алайда, оқуы аяқталған соң, оқушы қыз елге орала ма, әлде сол жақта қала ма ол жағын әлі білмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1788180-oraldyk-okusy-kyz-aks-pen-gonkongti-11-grantyna-ie-boldy/

pixel