RU
Әсел Сәдуақасова: Қаласам, отбасылы адаммен кездесемін
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Әсел Сәдуақасова: Қаласам, отбасылы адаммен кездесемін

Рассказать Вконтакте

Әсел Сәдуақасова еліміздегі әйелдердің өзіне көп шектеу қоятынын айта келе, өзі қаласа отбасылы адаммен кездесуге дайын екенін жеткізді деп жазады Тимур Балымбетовтің "Если честно" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

34 жасқа келген актриса ешкімнің алдында ақталуға міндетті емес екенін айтты.

"Былай айтайын, мен ешкімге ештеңе міндетті емеспін. Біреуге немесе өзімнің қолдаушыма деген мағынада емес. Жалпы ешкімнің алдында ақталуға міндетті емеспін. Қаласам, отбасылы ер адаммен кездесемін. Егер сүйіп қалсам, ол - махаббат. Яғни біздің елімізде қойылатын шектеулерге керісінше, қарсы шығамын.
Мен әрине отбасылы ер адаммен кездеспеймін. Өйткені, мен өз-өзімді қамтамасыз ете аламын. Өз-өзімді жақсы көремін. Мұны неге айтып отырмын? Себебі менің отбасылы адаммен кездесетін құрбыларым бар. Олардың арасында махаббат бар. Мен түсінемін, оларға бұл жолды жүріп өтуі керек. Бұл оларға түптің-түбінде өз-өзін табу үшін керек. Осыны айтқым келген. Мен мұны тек нұсқа ретінде айтып отырмын", - деді Әсел Сәдуақасова.

Сіздің реакцияңыз
29
4
1
2
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel