RU
Ақтөбеде жауап алу кезінде полицейге оқ атқан ресейлік азамат сотталды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде жауап алу кезінде полицейге оқ атқан ресейлік азамат сотталды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында халықаларық іздеуде жүрген ресей азаматына үкім шықты. Елінде бұзақылық жасаған Мәжит Ахметгалиев Қазақстанда азаматтық некедегі әйелімен тұрып жатқан. Ішімдік ішіп, бұзақылық жасаған ер адамның үстінен бірге тұрып жатқан келіншегі арыз түсірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сот отырысынан фото: NUR.KZ

Сот отырысынан фото: NUR.KZ

Оқиға өткен жылдың қараша айында болды.

Учаскелік полицейлер масаң күйдегі ер адамды Зауыт полиция бөлімшесіне алып келген. Күдіктінің аты-жөні анықталған кезде оның халықаралық іздеуде жүргені белгілі болады.

Тәртіп сақшысы жауап алудың алдында тапаншасын жұмыс үстелінің үстіне қойған. Қолына кісен салынған күдікті жауап беріп отырған кезде полиция қызметкерін басқа бөлмеге шақырған.

Осы сәтті пайдаланған сотталушы үстел үстіндегі тапаншаны қолына алып, оны оқтап, басқа кабинетке кеткен полиция қызметкерлеріне кезенген. Сотталушы олардан кісеннің кілті мен машинаның кілтін талап етеді.

Оның еденге атқан оғы полиция қызметкерінің аяғына тиген. Сол жерде полиция қызметкерлері қылмыскердің қолындағы қаруды алып үлгерген.

Қылмыстық кодекстің 380 бабы 1-2 тармақтары бойынша қаралған істе айыпталушы кінәлі деп танылып 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол жазасын қауіпсіздігі орташа оқшаулау мекемесінде өткізеді.

Ал сотталушының ел аумағына заңсыз кіргеніне қатысты әкімшілік жазаны қарамаған полиция қызметкерлеріне қатысты сот ІІД-нің атына жеке қаулы шығарды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel