RU
"Қайық алу керек": Желіде су басқан Алматы көшелерінің видеосы тарауда
Жаңалықтар Қоғам

"Қайық алу керек": Желіде су басқан Алматы көшелерінің видеосы тарауда

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматы көшелері су басқан видеолар тарап жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қайық алу керек": әлеуметтік желіде су басқан Алматы көшелерінің видеосы тарауда

Фото: Видеодан кадр

Алматыда жауын жауып жатқанына бір апта болды. Қала көшелерін қайта-қайта су басып жатыр.

Қала тұрғындары оңтүстік астананың көшелерінде сарқырап аққан суды видеоға түсіріп алған. Кадрлардан адамдар мен көліктердің "жүзіп" жүргенін көруге болады.

Бір видеода Алматы базарының бірін су басқанын көруге болады. Видео авторы тұйықта тұрған контейнердің ішіне су толып кеткенін хабарлады.

Тағы бір видео Төле би мен Брусиловский көшелерінің қиылысында түсірілген. Өткен демалыстарда ол жерде су деңгейі көтеріліп кеткен еді. Бұл көріністер өткен сенбі, не жексенбі күндері түсірілуі мүмкін.

Тағы бір желі қолданушысы "жүзіп" бара жатқан көліктерді түсіріп, жағдайға қатысты былай деп пікір білдірді:

"Моторлы қайықтар сатып алу керек".

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel