Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістанда 9 ай бойы ем алған қазақстандық қызға шұғыл түрде көмек керек

Жарияланған күні:

Батыс қазақстандық Жұлдыз Серікова 2013 жылдан бастап жүрек ауруына шалдыққан. Жылдар бойы елордадағы кардиохирургия орталығында емделген оған дәрігерлер былтыр жүрек алмастыру қажет деп мәлімдеген. Сол жылы Үндістанға аттанған жеткіншек әлі күнге дейін өз елінен жырақта донор күтіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: Twitter

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының тұрғыны Айгүл Ғабдолова қызына көмек, сұрап редакцияға хат жолдады.

Онда ол жұбайының қызымен бірге тоғыз ай бойы Үндістанның Ченой қаласында жатқанын айтқан.

"2013 жылдан қызымның жүрегінде ақау табылды. Содан өзіміздің жергілікті дәрігерлерден елордадағы кардиохирургия орталығында ем алып келдік.
Алайда онымыздан түк шықпады, дәрігерлер жүректі ауыстыру қажет деді. 2018 жылдың шілде айында Үндістанның Ченой қаласына қызым Жұлдыз бен жолдасым Жасталап сол жаққа жолдама алып кеткен.

Қазір есептесек, сонда кеткендеріне тоғыз айдан астам уақыт өтіпті. Содан бері олар өз қалталарынан күн сайын 9300 теңге төлеп, пәтер жалдап тұрып келеді.

Трансплантация жасайтын жүрек күтудеміз. Оның үстіне қызым соқырішек болып қалды.

Оның еміне де қаражат керек болып тұр. Шамамен 1,5 миллион теңге керек болып отыр.

Осыған байланысты барлық жомарт жандардан, мейірімді адамдардан жанұшыра көмек сұраудамын", - деп түсіндірді қыздың анасы Айгүл Ғабдолова.

"Жолдасым жұмыссыз, тоғыз ай бойы сол қызымның жанында жатыр.

Өзім балабақшада тәрбиешімін, үлкенім Жұлдыз, кіші қызым 4-те.

Мүмкіндік болса, ешкімнен қаражат сұрамас едік, алайда қызымның өмірі қыл үстінде тұрғандықтан осылай көптің көмегіне жүгінуге мәжбүрмін", - дейді Жұлдыздың анасы.

Жұлдыз Серіковаға көмек беремін деушілер келесі карта номеріне ақша аудара алады:

  • Каспий голд: 5169493124445167
  • ИНН: 800421401902

Анасы: Айгүл Ғабдолова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1788384-ndistanda-9-aj-bojy-em-algan-kazakstandyk-kyzga-sgyl-trde-kmek-kerek/