RU
Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барады

Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барады

Рассказать Вконтакте

14-15 сәуір күндері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына барады деп хабарлайды Ақорда.

Фото: 24smi.org

Фото: 24smi.org

"Келіссөздер барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және көлік-транзиттік салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған екіжақты ықпалдастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басты тақырыптарды талқылайды.
Бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, Қ.Тоқаев пен Ш.Мирзиёев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады",-делінген хабарламада.
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel