RU
Азамат Сатыбалды оқуға "ақша беріп түседі" дегендерге жауап берді (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Азамат Сатыбалды оқуға "ақша беріп түседі" дегендерге жауап берді (видео)

Рассказать Вконтакте

Ғабит Мүсірепов театрының директоры, танымал актер Азамат Сатыбалды биылғы жылы оқу бітіріп, өнер саласына қадам басқысы келетін жастарға қолдау білдірді. Өнер иесі ел арасында тараған қауесетке сенбеу керектігін ашып айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көпшіліктен өнер академиясына "Ақша беріп түсу керек" деген жел сөзді естіген актер жас түлектерге жалған сөздерге алданып қалмау керектігін ескертті.

"Адам мамандық таңдауда қателеспеу керек. Қымбатты, менің жас достарым! Актер боламын деген шешім қабылдасаңыздар, Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясына келіңіздер.

"Ақша береді екенсің" деген өтірік әңгімеге сенбеңіздер. Таныс - тамыр іздемеңіздер, өтініш. Өздеріңіз келіп, бақтарыңызды сынаңыздар. Таныс арқылы емес, талант арқылы өтіңіздер.

Бізге керегі талантты жандар. Бәрі шынайы және таза болатынына мен уәде беремін. Қазіргі академия ректоры Асxат Максимұлының басты мақсатыда сол, нағыз талант иелерін тәрбиелеу", - деп жазды актер Instagram парақшасында.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
3
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel