RU
Құрбысының тойында қыз жолдас болған ару күйеу жігітпен ойнас болғанын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Құрбысының тойында қыз жолдас болған ару күйеу жігітпен ойнас болғанын айтты

Рассказать Вконтакте

Елордалық Жанна есімді ару жан құрбысымен бала күннен дос болған. Бойжеткен құрбысының тұрмысқа шығатынын білгенде ол үшін қатты қуаныпты. Алайда күйеу жігітті көріп, өзі ғашық болып қалғанын жасырмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құрбысының тойында қыз жолдас болған бойжеткен күйеу жігітпен ойнас болғанын айтты

Фото: weddingcraftstudio.ru

Жанна құрбысының басқа қалада тұратын, өзінен бес жас үлкен жігітпен көңіл жарстырғанын айтты.

Бойжеткеннің сөзінше, ол мұндай қарым-қатынасты шынайы қабылдай алмаған.

"Оның бұл қарым-қатынасына онша мән бергенім жоқ. Бір-бірін шын өмірде көріп, ұнатпай қалатындар қаншама?! Тіпті жігіті жүріп жүргендеріне бес ай болса да қызына бір келіп кеткен жоқ", - дейді бойжеткен.

Жанна құрбысына бірнеше рет басқа жақсы жігіт тауып алуға кеңес берген. Алайда ол мүлде тыңдамапты. Осының салдарынан қос құрбының арасы суыған.

"Айдана екеуіміз бір-бірімізді түсіне алмай келе жатқанымызды ұқтым. Арада үнемі кикілжіңдер пайда бола бастады. Университетті тәмамдаған соң жолымыз екіге айырылды. Оның өмірінде не болып жатқанынан хабарсыз болдым", - деді кейіпкеріміз.

Жанна оқуды бітірген жылы көптен бері жоқ болып кеткен құрбысының қоңырау шалып, тұрмысқа шығатынын жеткізгенін айтты.

Бойжеткен жан досы үшін қатты қуанған. Ал күйеу жігіттің сол баяғы жігіт екенін білгенде тіпті таңқалыпты.

"Құрбымның сүйіктісін тойда бір-ақ көрдім. Бұрын суреттерін көрсем де, назар аудармаған екенімін. Сол тойда оған бір көргеннен ғашық болып қалдым. Күйеу жігіт тұрған жаққа еріксіз қарай бердім. Ол да маған жымия қарады", - дейді Жанна.

Қыздың айтуынша, тойда күйеу жігіт екеуінің арасында махаббат оты маздаған. Қыздың көңілін байқаған жігіт те қызға кетәрі болмапты. Екеуінің кездесулері тойдан кейін тіпті жиілеген.

"Құрбым мені отбасы мүшесіндей көреді. Үнемі үйлеріне шақырады. Ал соңынан күйеуі мені үйіме дейін жеткізіп тастайды.

Алайда жан досым күйеуінің менің үйімде не істейтінін тіпті білмейді. Оның алдында өзімді кінәлі сезінемін. Бірақ сүйіктімнен бас тартпаймын.

Құрбымның күйеуі өз үйіне емес, менің үйіме асығады. Бұл қарым-қатынастың түбі неге апарарын білмеймін. Бірақ жаңа ғана отбасын құрған сүйіктіме "ажырас" деп айта алмаймын", - дейді елордалық бойжеткен.
Сіздің реакцияңыз
51
7
30
1
3
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel