RU
Артур Төлепов әйелі мен ұлын перзентханадан шығарып алды (фото, видео)

Артур Төлепов әйелі мен ұлын перзентханадан шығарып алды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Артур Төлепов бір ай бұрын босанған әйелі мен тұнғышын перзентханадан шығарып алды. Уақытынан бұрын туылған актердің ұлы мен жары біраз уақыт дәрігерлердің бақылауында болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр, Instagram Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр, Instagram Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Өміріндегі аса ерекше әрі бақытты сәтімен Артұр Төлепов Instagram желісінде бөліскен. Бір ай бойы бұл күнді аңсаған шоу-бизнес жұлдызының қуанышында шек жоқ.

Отандық актердің сүйіктісі мен ұлын перзентханадан шығарып алуға оның ең жақын адамдары мен достары да келген. Олардың арасында бірқатар танымал адамдар да бар. Бақыттан басы айналып жүрген Артурды жеке құттықтап, өз жылы лебізін білдіруге Аян Өтепберген, Айбек Серікханов, Ғазрет Қажымұқанұлы мен Хамидуллаев Ерік сынды жұлдызды достары жиылған.

Желі оқырмандары отандық актерге өзінің ақ тілегін жаудырған.

"Бақытты болыңыз. Қандай тамаша сәт" , "Перзентханаға жыл сайын келуге жазсын" , "Әйеліңіз бен батырыңыз енді қасыңызда. Үлкен азамат болсын" , "Сіз үшін қуаныштымыз. Ұлыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіз" , - деп жазуда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз
6
0
0
3
1
20
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel