RU
Экс-полицей прокурорға пара бергені үшін 4,5 млн теңге айыппұл арқалады
Жаңалықтар Қоғам

Экс-полицей прокурорға пара бергені үшін 4,5 млн теңге айыппұл арқалады

Рассказать Вконтакте

Шымкенттің патрульдік полк ротасының командирі 4, 5 миллион теңге айыппұл төлейді. 300 мың теңге көлемінде пара бергені үшін сот осындай үкім шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: top.st

Фото: top.st

Шымкент полиция басқармасының патрульдік полкінің бұрынғы командирі 37 жастағы Нұрбол Орынбеков көлемді мөлшерде пара бергені үшін айыпталды.

Сот тергеу барысында анықтағандай, ағымдағы жылдың 6 наурыз күні Орынбеков қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық әрекеттерін жасыру мақсатында потрульдік полкінің қызметіне тексеру жүргізетін прокуратура қызметкеріне пара берген.

Параның сомасы 300 мың теңгені құраған. Алайда прокурор алған ақшаны қолданбаған. Тіпті оған пара ұсынылды деген рапорт тастаған. Анықталғандай полицей қызметкері құрықталып, қамауға алынды.

Тергеу барысында ол өз ісін толығымен мойындады. Оған ҚР ҚК-нің 367-бабы 2-бөлімі "ірі мөлшерде пара беру" бойынша айып тағылды. Бапқа сәйкес ол 30 есе айыппұл сомасын төлейді немесе 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Дегенмен кінәсін мойындап, тергеуге септігін тигізгенін есепке ала отырып, әл-Фараби аудандық соты Орынбековке жартылай жаза тағайындады, яғни, 15 еселік айыппұл өтеу мүмкіндігін берді.

Енді полктің бұрынғы командирі қазнаға 4 500 000 теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel