RU
Жарына әсерлі өлең арнаған Төреғали Төреәлі көпшілікті тәнті етті (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жарына әсерлі өлең арнаған Төреғали Төреәлі көпшілікті тәнті етті (фото)

Рассказать Вконтакте

Төреғали Төреәлі сүйікті жарын ғашықтар күнімен ерекше құттықтады. Шоу-бизнес жұлдызы төрт баласының анасы Толқынға өлең шумақтарын шығарып, жүрекжарды жазба арнаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі "Қозы-Көрпеш - Баян сұлу" ғашықтар күнінде өз сүйікті жарын Instagram желісі арқылы құттықтады.

Әнші әйелі Толқынға арнап шығарған өлең шумақтарын барша оқырмандарымен бөлісуді жөн көрген.

"Баяннан сұлу Толқыным, Сөзімнің ұққан төркінін. Елімен ерін сыйлаған Анамдай болшы алтыным" , - деп жазған Төреғали.

Жұбайына жүрегінен шыққан жыр шумақтарын жазған әншінің қылығы желі қолданушыларын сүйсінтті.

Көпшілік оның сүйіктісіне деген ерекше сезімі мен асқан сыйластығына тәнті болған.

"Қазақтың әрбір азаматы өз жарын осылай бағалай білсін" , " Толқын мейріміді екен. Жүзінен нұр көрініп-ақ тұр. Бақытты болыңызда. Сезіміңіз өшпесін" , "Жұбайыңызды сондай жақсы көресіз. Тіл көзден тасқа. Бақыттарыңыз баянды болсын" , "Жарыңызға деген сыйласымдығыңыз ерекше. Қандай мінзеді адам болып көрінгеніңізбен, Толықнға деген қарым-қатынасыңыз өзгеше" , - деп жазуда желідегілер.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
17
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel