RU

Трактордан құралған ерекше той кортежі жұртты таңғалдырды (видео)

Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылында көпшіліктің назарын аударған ерекше той серуені болып өтті. Жас жұбайлар той кортежі үшін қымбат көліктің орнына ауылдағы тракторды жалдаған хабарлайды ERNUR.KZ.

Фото: ernur.kz
Фото: ernur.kz: Facebook

Төрткүл аулының жастары Дархан мен Марал өткен жылдың соңында отау құрған.

Отағасы Дархан биыл тойларын ерекше өткізуді ойлап, той кортежінде трактормен жүру туралы достарымен және ауылдастарымен ақылдасыпты.

Бұл идеяны жігіттің жары той болардан сәл ғана бұрын білген. Босаға аттаған келіншек үшін бұл кортеж тосын сый болыпты.

Ал күйеу жігіттің идеясын ауылдағы барша тракторшылар қолдап, үлестерін қосқан. Олар да өз тракторларын сәндеп, кортеж қатарына қосылған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1789202-zas-zbajlardy-tojyndagy-traktor-kortezi-zelini-sulatty.html