RU
Түсіңізде егеуқұйрық көру нені білдіреді?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Түсіңізде егеуқұйрық көру нені білдіреді?

Рассказать Вконтакте

Түсіңізге кірген егеуқұйрық өміріңізге төнген қатер жайлы ескертеді. Түске қатысты нақты ақпарат алу үшін ұсақ-түйектерге мән беру керек. Еnigma-project сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ назарларыңызға түс жору ұсынады.

Түсіңізде егеуқұйрық көру нені білдіреді?

Көрнекі фото: O-prirode.ru

Егеуқұйрық тек қауіптің нышаны емес, сондай-ақ ол мықтылықты, кез келген жағдайға тек үйренісу қабілетін білдіреді.

Егер түсіңізде егеуқұйрықты қолмен ұстап алсаңыз, дұшпандарыңызды жеңесіз. Оны өлтірсеңіз, бұл мақсатыңызға жетесіз деген сөз.

Кеміргіштерді үйіңізден қуып шықпақ болсаңыз, онда өмірлік қиындықтар туындайды.

Егер қақпан қойсаңыз, онда қызғаншақтардың жоспарларын болдырмайсыз деген сөз.

Зиянкес нан кеміріп отырса, онда көп ұзамай ауруға шалдығасыз немесе бір нәрседен айырыласыз.

Егер егерқұйрықтар қаптап кеткенін көрсеңіз, өңіңізде қиындықтар туындайды, қаржы тапшылығына дайындала беріңіз.

Ал егеуқұйрықты жиі түсіңізде көрсеңіз, айналаңызда зұлым, арам пиғылды адамдар көп екенін ескертеді.

Өзіңіз танитын біреу түсіңізде егеуқұйрыққа айналса, онда ол адамнан абайлаңыз. Оның ниеті жаман, сізге арамдық жасауы мүмкін.

Ал кеміргіш үстіңізге секіріп шығып алса, ең жақын адамыңыз сізге сатқындық жасайды.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel