RU
Салтанат Бақаева танымал әнін қайта иемдену үшін арнайы заңгер жалдаған

Салтанат Бақаева танымал әнін қайта иемдену үшін арнайы заңгер жалдаған

Рассказать Вконтакте

Өткен жылы "Әгугай, құрбым" әні үшін басы дауға қалған Салтанат Бақаева NURTV.KZ-тің "Клип Show" бағдарламасында осы іске қатысты бар шындықты айтты. Әнші әнді қайта иемдену үшін арнайы заңгер жалдаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Салтанат Бақаева. Фото: kyn.kz

Салтанат Бақаева. Фото: kyn.kz

Әншінің айтуынша, тіпті ақын қыз Салтанат Бақаевадан әннің минусын да сұрап алған.

"Қазір бәрі шешілді. Бұл әннің ақшасын төлеп, өзіме иелендім. Арнайы заңгер жалдадық. Негізі көбісі "Салтанат ақшасын аяп қалыпты" деп ойлайды. Шын мәнінде ұятты нәрсе болды. Ол қыз өзі маған хабарласып, айтып жатқанда, мен: "Жоқ. Кешір, саған ешнәрсе бере алмаймын" десем, бір жөн.
Ал жарты жыл бұрын ол менен осы әннің минусын сұраған болатын. Мен келісімімді беріп, "Әрине, ақшаңды тап" деп берген болатынмын. Бірақ оның айтып жүргенін немесе айтып жүрмегенін білмеймін. Ол қызды желіден алып тастадым. Оның өмірін бақыламаймын. Мүмкін ән хит болғасын да, солай болған шығар", - деп ағынан жарылды Салтанат Бақаева.

Естеріңізге сала кетейік, Салтанат Бақаева өзін ел алдында масқаралаған хит әннің авторына жауап берген болатын.

Сондай-ақ әнші арадағы даудан соң семейлік ақын қызға қомақты қаражат беріп құтылған.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel