RU
Бейбіт Қорған өсіп қалған ұлы мен қызын көрсетті (фото)

Бейбіт Қорған өсіп қалған ұлы мен қызын көрсетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Отбасы жайлы ақпаратты барынша құпия ұстайтын Бейбіт Қорған көпшілікке өсіп қалған ұлы мен қызын көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші балаларының суретін Instagram парақшасында жариялаған.

Өнер иесінің айтуынша, ол жақында ұлы Бексұлтанмен және қызы Балзиямен қосылып орындаған әнін көпшілікке тарту етпек.

"Бұйырса Бексұлтан ұлыммен, Балзия қызыммен бірге орындаған "Қос қанатым" деген әнімізді сіздерге шын жүректен ұсынамыз", - деп жазды әнші.

Ал желі қолданушылары әншінің балалары жайлы жарыса пікір қалдырған.

"Қызыңыз өзіңізден айнамайды екен", "Балзия деген есім өте әдемі естіледі", "Әкесіне ұқсаған қыз бақытты болады дейді ғой. Қызыңыз сізге қатты ұқсайды".
"Балалардың қызығына тоймай жүре беріңіздер", "Сахнаға қашан ораласыз? Сізді сағындық", "Балаларыңыз өсіп қалыпты ғой", "Балзия сіздің анаңызға келетін сияқты".
"Тіл-көзден сақтасын", "Қос қанатыңыз аман болсын" деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың тамызында Бейбіт Қорған үшінші рет әке атанған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
2
6
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel