Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғат Жанжүменов цифрлық дамудың бірінші вице-министрі болды

Опубликовано:

Талғат Жанжүменов цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Талғат Жанжүменов. Фото: tumba.kz
Талғат Жанжүменов. Фото: tumba.kz: UGC
"ҚР Үкіметінің Қаулысымен Талғат Жеңісұлы Жанжүменов ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Талғат Жанжүменов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ленин комсомолы атындағы Вольск жоғары әскери тыл училищесін, Ресейдің қорғаныс министрлігінің әскери тыл және көлік академиясын, Ресейдің қарулы күштері бас штабының әскери академиясын тәмамдаған.

Жоғары арнайы әскери, оперативті-стратегиялық білімі бар офицер болып табылады.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1789454-talgat-zanzmenov-cifrlyk-damudy-birinsi-vice-ministri-boldy/

pixel