RU
Талайды таңдай қақтырған Ержан Максим Димашпен ән айтуды армандап жүр
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Талайды таңдай қақтырған Ержан Максим Димашпен ән айтуды армандап жүр

Рассказать Вконтакте

Ресейдегі "Голос. Дети" ән байқауының ақтық кезеңіне өтіп, талайды таңдандырған қазақстандық жас әнші Ержан Максим Димаш Құдайбергенмен ән айтуды армандап жүргенін айтып берді деп хабарлайды "Жұлдыздар отбасы" басылымы.

Ержан Максим. Фото:www.vokrug.tv

Ержан Максим. Фото:www.vokrug.tv

Ержанның айтуынша, ресейлік байқаудың ақтық кезеңіне өткен күні ол Димаш Құдайбергеннің құттықтау жазбасын оқыған.

"Бағдарламаны теледидардан көрсеткен күні ұялы телефоныма тоқтаусыз қоңыраулар мен құттықтау хаттар келді. Сол күні анам екеуміз қатты шаршадық.

Сондықтан "Қой ертең қарайық" деп телефонды сөндіріп, ұйықтап қалдық. Таңертең оянып, Instagram-ға кірсем, Димаш ағам мен туралы мақтап жазып, парақшасына салып қойыпты.

Көре сала қуаныштан "Мама, мені Димаш аға салып қойыпты" деп айқай салдым. Оған анам да қуанып кетті. Енді болашақта Димаш ағама ұқсағым келеді. Әлем танитын әнші болғым келеді", - дейді қазақстандық талант.

Сондай-ақ, Ержан Максим болашақта Димаш Құдайбергенмен ән орындағысы келетінін де жасырмады.

"Өткен жылы "Славян базары" байқауына Димаш аға екеуміз кеш қонағы ретінде барып, жұлдыздармен гала-концерт ұйымдастырдық. Димаш ағамен бірге жүріп, бірге тамақ ішіп, бір қонақ үйде жаттық. Болашақта ол кісімен бірге ән орындағым келеді", - деп ағынан жарылды Ержан Максим.

Естеріңізге сала кетейік, 11 жастағы қазақ баласының даусынан Ресейдегі байқауда стақан сынып кеткені жайлы жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel