RU
"Екіқабатпын деп жыладым": Шахизада анасын есінен тандырған күнін еске алды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Екіқабатпын деп жыладым": Шахизада анасын есінен тандырған күнін еске алды

Рассказать Вконтакте

Шахизада жас кезінде басынан өткен қызықты оқиғасын айтып, жұртты күлкіге қарық қылды. Әнші вечерде бетінен сүйген жігіттен жүктімін деп жылап, анасын есінен тандырған деп жазады "Жетінші" арнаның "Өз ойым" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесінің айтуынша, оны анасы "Бетіңнен сүйсе, екіқабат болып қаласың" деп өсірген.

"Мені шешем қалай тәрбиеледі? "Бетіңді сүйдірме. Бетіңді сүйсе, екіқабат болып қаласың" деген. Сөйтіп тәрбиеледі бізді.

Қазіргі заманда жастар бәрін біледі. Кішкентайларға дейін баланың қалай туылатынын біледі.

Ал біз түк білмегенбіз. Сонымен сүйдірмей келдік қой қанша уақыттан бері.

Бірақ бір кеште бетімді сүйіп қойып еді. Содан үйге еңіреп жылап келгенім бар. Анам "Не болды?" дейді. "Мен екіқабатпын" дегенде, анам есінен танып құлаған ғой.

Содан "Бетімді сүйіп қойды" дегенімде, анам сабырға келді. Бізде сондай махаббат", - деп күлді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше әнші өзінің биылғы жылы 53 жасқа толатынын ашып айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel