RU
Тәжікстанның ислам кеңесі әскерге бармауды ауыр күнәға жатқызды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Тәжікстанның ислам кеңесі әскерге бармауды ауыр күнәға жатқызды

Рассказать Вконтакте

Тәжікстанның ислам кеңесі әскерге бармау ауыр күнә деген пәтуа шығарды. Шешімге сәйкес, балаларын отан алдындағы борышын өтеуге жібермеуге тырысатын ата-аналар да кінәлі болады деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Көрнекі фото: tomsk.sibnovosti.ru

Көрнекі фото: tomsk.sibnovosti.ru

Тәжікстанның ислам кеңесінің айтуынша, әскерде қызмет ету әлеуметтік жағдайына қарамастан, әрбір дені сау мұсылманның парызы.

"Отанына деген махаббат, ұлтына, мәдениетіне деген адалдық - нағыз сенім деген осы", - деді олар.

Ислам кеңесі Тәжікстанда әскерге шақыру маусымы жүріп жатқан уақытта осындай үндеу таратты.

"Жас жігіт әскерге бармаудың амалын жасап, өзін ауру етіп көрсеткісі келсе, бұл – нағыз күнә болып табыалы", - деді ислам кеңесінің өкілі Жамолиддин Хомуши.

Оның айтуынша, діни тұрғыдан олар отанын сатқандар болып есептеледі.

Айта кетейік, Тәжікстан зайырлы ел болып табылады.

  • Пәтуа – мүфти не ислам кеңесінің мұсылмандар өмірінің кейбір аспектілеріне қатысты шешім шығаруы деген мағынаны білдіреді.

Оның заңды күші жоқ. Сол үшін жауапқа тартылмайды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel