RU
Көліктері ұрланған Алматы тұрғындары шу шығарды
Жаңалықтар Қоғам

Көліктері ұрланған Алматы тұрғындары шу шығарды

Рассказать Вконтакте

Сәуір айында көліктерінен айырылған 20 тұрғын полицияның жұмысына көңілі толмай отыр. Түн мезгілінде қарақшылыққа шығатындарды қаптаған бейнебақылау камералары да сескендірмей отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Көліктері ұрланған Алматы тұрғындары шу шығарды

Көрнекі сурет: autocentre.ua

Ұрылар Алатау ауданындағы Атлеттер ауылынан бір түнде үш автокөлікті айдап әкеткен. Алмас Сейітқожа жаңадан сатып алған көлігінен бір аптадан кейін көз жазып қалған. Көпқабатты үйлердің ауласында тұрған темір тұлпарын түн мезгілінде айдап әкеткен.

Ұрылар бақылау камерасына түсіп қалса да, әлі табылмай отырғанына ер адам ашулы.

"Нақты камерадан көрініп тұр. Екі адам ұрлаған. Видеода бәрі көрініп тұр. Бұл жерде бірақ машина ұрланған жоқ", - деді Алмас Сейітқожа.

Бүгінге дейін ұрланған көліктің саны отызға жеткен. Осы сияқты жоғалған көліктерін өз беттерінше табуға талпынған жандар, әлеуметтік желі арқылы танысып біріккен.

Қазіргі таңда 30-ға тарта азамат дүкендер мен әкімшілік орындарының камераларындағы бейнежазбаларға үңіліп, баукеспелердің қайда жол тартқанын өз беттерінше анықтауға кіріскен.

Қарақшылар бұрын қымбатырақ көлікке көз тігетін болса, қазір арзанын да мініп кете беретін болған. Мәселен Нұрбол Нұрқабектің отбасын асырап отырған ескі жапондық көлігін ұрлап кетіпті.

"Бала-шағамды мектепке алып барам, әйелім аурушаң мысалы. Жаңағы өзім таңертең мектепке алып барам, алып келем. Түстен кейін екінші баламды апарып келемін. Қазір көлік маған ауадай қажет. Күн көріп жатқан көлік қой былай айтқанда", - деді Алматы қаласының тұрғыны Нұрқабек Нұрбол.

Ал полиция департаменті қылмыстарды ашуға бар күштерін салып жатқандарын жеткізді.  Іздеу шаралары құпия түрде жүргізілгендіктен, 9 темір тұлпарды тізгіндеп кеткен бір күдікті қолға түсіргендігін ғана хабарлады.

"Үш-төрт күн бұрын 1994 жылы туылған А есімді азаматты құрықтадық. Ол тек ескі жылдардағы, ескі маркалы көліктерді айдап әкеткен. Оның сол үш күннің ішінде 9 ұқсас қылмыстарға қатысы бар екендігін дәлелдеп отырмыз. Мүмкін тағы тергеу барысында басқа да қылмыстарға қатыстылығы дәлелденер", - деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Дәніккен ұрылардың тізгінінде кеткен көліктердің көшін «Мазда» марка бастап тұр. Жылы ескі болғанмен, бөлшектері қара базарда үлкен сұраныста екен. Сонымен қатар, дабыл қаққышы нықтап орнатылған бағалы темір тұлпарларды да, әккі ұрылар бар-жоғы 10 минут ішінде айдап әкеткен.

Алайда бірнеше күннен бері хабар болмағандықтан, тұрғындар мемлекет шекарасынан асып кетті ме деп алаңдап отыр.

Сіздің реакцияңыз
0
1
2
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel