Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрғымбаев марафонда тұтқындалған жастарға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматы марафонында белсенділер - Асы Тулесова мен Бейбарыс Толымбаевтың тұтқындалуына қатысты мәлімдеме жасады. Еліміздің бас полицейі жастардың спорттық шараның өткізуге кедергі жасағанын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерлан Тұрғымбаев. Фото: IIМ баспасөз қызметі
Ерлан Тұрғымбаев. Фото: IIМ баспасөз қызметі: UGC
"Күні кеше екі азамат тұтқындалды. Алматыда 17 мың адам қатысқан үлкен марафон болып өтті. Қатысушылар жүгіріп өтетін тас жолдың бойында екі азамат Толымбаев пен Тулесова үлкен плакат ұстап шықты. Бұл әрекетімен олар митинг, шеру мен қарсылық шараларын ұйымдастыру туралы заңнаманы бұзды.
Оған қоса, плакатты көрген адамдар тоқтап, фото және видео түсіріп марафонның өтуіне кедергі келтірді. Бұдан кейін олар тұтқындалып, сотқа жеткізілді. Соттың шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамауына алынды" , - деді министр.

Оның сөзінше, саяси үндеу мүлде болмаған.

"Сайлаудың не қатысы бар? Спорттық шара өтіп жатты. Ол алдын ала жоспарланған. Қалада арнайы хабарландыру афишалары да болды. Марафонға 17 мың адам қатысты. Бұл сәтте екеуі плакатпен шығып, шараның өтуіне кедергі келтіреді.
Бұл заңды бұзу емес пе? Заң бұзылды. Бұл әрекетімен олар шараға кедергі жасамақ болды. Сол үшін олар тұтқындалып, сотқа жеткізілді. Әкімшілік кодекстің 488 бабына сәйкес, әкімшілік қамауға алынды ", - деді Тұрғымбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1790279-trgymbaev-marafonda-ttkyndalgan-zastarga-katysty-pikir-bildirdi/

pixel