Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ана жайлы ән шырқаған Ерден Жақсыбеков жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Опубликовано:

"Жұлдызды жекпе-жек" бағдарламасында бақ сынаған Ерден Жақсыбеков кезекті шығарылымда ана жайлы ән шырқады. Отандық орындаушының актерлік шеберлігіне, вокалдық қабілетіне тәнті болған көрермендер мен әділ-қазылар көз жасына ерік берді. Әлеуметтік желіде тараған видеоны көрген жұртшылық та әншіге оң бағасын ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Facebook

"Анажан" әнін нақышына келтіре орындаған Ерден Алуа Қонарова мен Арман Дүйсеновтің жүрегін елжіретті.

Ал желіде тараған видеоны көрген жұрт әншіге тек сәттілік тіледі.

"Жүректің қылын шертті, көзге жас келтірді", "Әрбір ана туралы әннің рейтингі мен үшін жоғары", "Өте керемет орындау", "Жүрекке жетті", "Аналарымыз аман болсын", -деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1790339-ana-zajly-n-syrkagan-erden-zaksybekov-zrtty-zregin-elziretti-video/

pixel