Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тимур Бекмамбетов Татарстан президентінің көмекшісіне үйленді (фото)

Опубликовано:

Қазақстандық режиссер Тимур Бекмамбетов шаңырақ көтерді. Талай актердің жұлдызын жаққан азаматтың таңдауы Татарстан президентінің көмекшісіне түскен деп жазады "НТВ" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тимур Бекмамбетов пен Наталья Фишманның тойы Казань қаласында өткен.

Режиссер үйлену тойына жақын достары мен туыс-туғандарын ғана шақырған.

Заңды некелерін қидырған салтанатты шарадан соң жас жұбайлар Кабан өзені жағасында пикник жасаған.

Тойға шақырту алған қонақтар арасында танымал тұлғалар мен бизнесмендер болған.

Айта кетейік, Наталья Фишман мен Тимур Бекмамбетовтің арасындағы махаббат жайлы 2018 жылдың жазында айтыла бастады.

Сол жылы режиссер сүйіктісімен бірге түскен суретін желіде жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1790349-timur-bekmambetov-tatarstan-prezidentini-kmeksisine-jlendi-foto/

pixel