Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пәкпін": 25 жастағы ару тұрмысқа шықпай қалудан қорқатынын айтты

Опубликовано:

Жасы 25-ке келсе де, әлі тұрмыс құрмаған ару бүгінде болашағы үшін уайымдап жүр. Өзін жақсы қызға теңеген ол ақ боз атты ханзадасы қашан жолығарын білмей әлек деп хабарлайды "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: wallpaperscave.ru
Көрнекі фото: wallpaperscave.ru: Facebook

Бойжеткен осыған дейін клубқа да аяқ баспаған екен.

"Көп адам маған "тұрмысқа қашан шығасың?" деген сұрақты қоя береді. "Жасың келді, жүре берме, бала көтере алмай қаласың" дегендерін естіп, көп ойланатын болыппын. Өзім осы уақытқа дейін ешқашан клуб, басқа да көңіл көтеретін жерлерге бармаппын. Жаман әдеттерден аулақпын. Құдай сақтасын, жаман қылықтан, көшеге де шықпаймын. Жасыратыны жоқ, әлі қызбын, пәкпін.
Бірақ менімен ешкім танысқысы келмейтін секілді. Жігіттердің көбі жар етуге таза қыз алғысы келеді дейді ғой. Үйден шықпасаң, сені кім алады дейтін боларсыздар, басқалардан да соны айтады. Қазір өз қатарластарыммен араласпайтын да боп барамын, көбінің өз бала-шағасы бар",- дейді ол.

Жігіттермен қалай және қайда танысу керегін білмеген бойжеткен жұрттан ақыл-кеңес сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1790536-pkpin-zasy-25-ke-kelgen-aru-trmyska-sykpaj-kaludan-korkatynyn-ajtty/

pixel